Елорда тынысы

Астанада ақ түтек боран



Бүгін таңертең Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz

Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.
Сонымен бірге «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол. Оған себеп — күшті жел, боран, жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді.
Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді. Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.
Сондай-ақ, бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үйден оқып жатыр. Боран басылмаса түстен кейінгі ауысымда оқитын оқушылар үшін де сабақ онлайн болуы мүмкін.
Естеріңізде болса, «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 14-ші ақпан күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Республика бойынша – жел күшейіп, тұман болады. Ақмола облысының шығысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады. Төтенше жағдайлар қызметі ауа райы қолайсыз кездерде мүмкіндігінше үйде болуды, ал көшеге шығуға тура келсе алдын ала жол жүру бағдарын жоспарлап алуды ескертеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button