Ел тынысы

Астанада ақын Есенгелді Сүйіновтің шығармашылық кеші өтті



Елордадағы «Жастар театры» сарайында Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» мекемесінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Есенгелді Сүйіновтің «Жайнай бер туған елім» тақырыбындағы шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Шығармашылық кеш қала жұртшылығын, жастарды сөз зергері, көрнекті ақын, қарымды қаламгердің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, елімізге, қоғамымызға елеулі еңбек сіңірген азаматтың елордамыздың рухани дамуы мен ел игілігі үшін істеген елеулі еңбектерін дәріптеу мақсатында өтті.

Есенгелді Сүйіновтің есімі оқырман қауымға қаламы жүйрік журналист, ақын ретінде жақсы таныс. Оның өмірдің өзекті мәселелерін арқау еткен мақалалары, публицистика, эссе, сұхбаттары республикалық басылымдарда жиі жарық көріп жүр. «Күңгір тау құпиясы», «Арайлы таң», «Тербеген теңіз әлдиі» … сынды алты кітаптың авторы. Оның өлеңдері – адамдарды жақсылыққа, ізгілікке, асқақ армандарға жетелейді.

«Бүгінгі шығармашылық кешті халық алдындағы есеп беруім деп санаймын. Бұл кеште сиясы кеппеген өлеңдерім де оқылды. Жалпы қазірге дейін әр жанрда жазған 6 кітабым жарық көрді, «сүйемін сені» жыр жинағын баспаға ұсындым, бұйырса жақында жарық көреді. Енді алдағы уақытта әңгімелер жинағымды баспадан шығарсам деген ой бар», – деді кеш иесі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button