Ел тынысы

Астанада азаматтарға тегін құқықтық кеңес беретін іс-шара өтеді

Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Тұрғындар 13 маусым күні сағат 16:00-18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады.

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button