Ел тынысы

Астанада балабақшаға бала қабылдау 4 маусымда басталады



Астана қаласында 4 маусымнан бастап жаңа 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда топтарға жоспарлы қабылдау басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балабақшаларда топтарға жоспарлы жасақтау 28 826 орынға жоспарланған.

Атап айтсақ, бала жасына байланысты бос орындар ашылады.

– 1-2 жасқа – 147 орын; – 2 – 3 жасқа – 8 397 орын; – 3 – 4 жасқа – 8 253 орын; – 4 – 5 жасқа – 6 645 орын; – 5 – 6 жасқа – 5 350 орын; – 6 – 7 жасқа – 34 орын.

Осы жылдың 2 мамырынан бастап барлық мемлекеттік балабақшаларда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға кеңес беру орталықтары ұйымдастырылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button