Ел тынысы

Астанада бүгін 2,1 мың жол жұмысшысы қар тазалауға шықты



Елорданың коммуналдық қызметі бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күн сайын көшелерді, алаңдарды және тротуарларды қар мен мұздан тазартуға екі мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника шығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

19 ақпан күні қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңға жуық жол жұмысшысы және 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні қаладан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 1,6 мыңнан астам рейс жасалды.

Қыс басынан бері елордадан 350 мыңға жуық рейс 4,7 млн текше метрден астам қар шығарылды.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button