Ел тынысы

Астанада демалыс күндері бұқаралық велошеру өтеді



Астана қаласында 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін жалғасады. Шара сағат 08:00-де басталады. Тіркелу тегін.

Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Веложарысқа әр қатысушы өз велосипедімен жіберіледі. Алайда шлемнің болуы міндеттеледі. Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button