Ел тынысы

Астанада «Ертегі тыңда» жобасы іске қосылды

Елордада «Ертегі тыңда» жобасы іске қосылуына орай балалардың алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жобаның мақсаты – 6 жасқа дейінгі балаларға қазақ тілінде сапалы ертегілерді тыңдату арқылы тіл үйрету. Жоба Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Астана қалалық филиалы және Тәп-тәтті дүкендер желісімен бірлесіп  ұйымдастырды. Осыған орай демалыс күндері бір уақытта 8 мекенжайда  80 бүлдіршін мен олардың ата-аналары ертегі тыңдады.

Филиал тарапынан координаторлар және қаладағы 6 балабақшадан ертегі айтатын қазақ тілі мамандар жалпы саны 25 адам жұмыс істеді. «Тәп-тәтті» дүкендер желісі барлық қатысушыларға балалар күніне орай тәттілер ұсынып, өз дүкендерінің аумағын іс-шараны ұйымдастыру үшін тегін берді.

«Ертегі тыңда» жобасы өз жұмысын алдағы уақытта да жалғастырып, нәтижесінде 1-6 жас балаларға сәтті-тәтті ертегілерге таңдау жасалады, арнайы байқаулар ұйымдастырылып, үздік ертегішілер таңдалатын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button