Ел тынысы

Астанада этносаралық қақтығыстың алдын алу мәселесі талқыланды

Астанада Достық үйінде этносаралық қақтығыс пен оның алдын алу шараларына арналған отырыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараның мақсаты этносаралық шиеленіске жол бермеу және қоғамдағы келісімді сақтау болды. Отырысқа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Бас прокуратура, Ішкі істер, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі орталық және жергілікті билік органдары жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ғалым Шойкин әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі бойынша да оқиғалар мен жанжалдардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Отырыс барысында қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және азаматтық құндылықтарды дамытуға қатысты пікірлер, тәжірибелер және жаңа тәсілдермен алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша, конструктивті диалог жүргізіліп, елдегі этносаралық келісімді одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button