Ел тынысы

Астанада кәсіпкерлік қалай дамуда?



Қазіргі уақытта елордада жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 227 386. Оның ішінде 23 мыңнан астамы жаңадан ашылған. Аталған орындарда шамамен 515 мың адам жұмыс істейді, бұл белсенді халықтың 74% құрайды. Бұл туралы бүгін Астана коммуникациялар қызметі алаңында «Елордадағы кәсіпкерліктің дамуы» атты брифингте Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары  Қуаныш Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
-ШОБ субъектілерінің қала экономикасындағы үлесі 2023 жылы 68,9 % немесе 8 873,8 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, ШОБ субъектілері 2023 жылы 14,7 трлн. теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Бұл республика бойынша барлық өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерінің 21%-ы. Сонымен қатар, 2023 жылы ШОБ субъектілерімен елордада төленген барлық салықтық және басқада төлемдердің 58,4 % немесе 1 477,9 млрд. теңге құрады. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары ықпал етуде. 2023 жылы қаржылық қолдау көрсету шаралары шеңберінде 30 634,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде ЖБ – 6 951,1 млн. теңге, РБ – 23 683,3 млн. теңге. 2023 жылы кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жалпы кредит сомасы 87 338,4 млн.теңгеге 1 148 шарт мақұлданды, кредиттерге ішінара кепілдік беру бойынша 16 895,9 млн. теңге сомасына 769 келісімге қол қойылды, мемлекеттік гранттар беру бойынша 545 млн. теңге сомасына 113 жоба мақұлданды. Сондай-ақ, «Астана бизнес» жергілікті жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы шеңберінде 904,1 млн.теңге сомасына 63 кредит берілді, – деді спикер өз баяндамасында.
Кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізілуде, оның ішінде 2024 жылы Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде 34 699,2 млн. теңге бөлінген. 234 жоба мақұлданып, оның ішінде: – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша ЕДБ арқылы кредиттік желінің 24 664,7 млн. теңге сомасына 233 шарт мақұлданды; – микрокредиттерді портфельдік субсидиялау бойынша 1 шарт 18,9 млн.теңгеге. Бұдан басқа: – кредиттерге кепілдік беру бойынша 2 861,2 млн. теңге кепілдік төлеу сомасына 79 жобаға қол қойылды. Сондай-ақ, жергілікті жеңілдетілген кредиттеу «Астана бизнес» бағдарламасы шеңберінде 2 500 млн. теңге (жергілікті бюджеттен 1 000 млн. теңге, Даму Қорымен 1 500 млн. теңге) бөлді. 2024 жылы мемлекеттік гранттар беру конкурсын екінші жартыжылдықтың басында өткізу жоспарланып отыр. Осы жылдан бастап мемлекеттік гранттар тек қана әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде берілетін болады. Осыған орай, кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне кіру қажет.
Қағидалар шеңберінде әлеуетті әлеуметтік кәсіпкерлер 4 санатқа бөлінеді:
– 1 санат бұл ХӘОТ (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, көп балалы отбасылардың өкілдері, зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар, 16 жастан 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, қандастар) азаматтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлер (кем дегенде 2 адам немесе қызметкерлердің 50%).
– 2 санат бұл ХӘОТ санаттағы адамдармен өндірілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлер.
– 3 санат бұл ерекше қажеттілігі бар адамдардың қажеттіліктерін еңсеруге немесе өтеуге мүмкіндік беретін жұмыстар мен тауарларды өндіру, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлер (әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер, оңалту және әлеуметтік бейімдеу).
– 4 санат бұл әлеуметтік салада жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлер (психологиялық-педагогикалық қызметтер, балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру, жалпы білім беру, мәдени-ағарту, қоршаған ортаны қорғау). 2023 жылы әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне 43 кәсіпкер енгізілді.
Бұл тізілім мемлекеттік гранттар алуға арналған конкурсқа қатысуға, ӘКК арқылы жеңілдікті шарттармен тұрғын емес үй-жай алуға, сондай-ақ Даму Қоры арқылы 7% жеңілдікті кредит алуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыс осы бағытта жалғасатын болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button