Ел тынысы

Астанада халықаралық көлік-логистикалық форумы өтуде



Елордада еліміздің транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Қазақстан көлік-логистикалық форумы өтуде,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Форумға еліміз бен шетелдерден көлік және логистика саласындағы халықаралық ұйымдар өкілдері қатысуда. Маңызды іс- шара барысында Орталық Азия елдерінің логистика және сауда саласындағы даму болашағы, Транскаспий Халықаралық Көлік Бағдарының бүгінгі жағдайы, перспективалары, осы ТХКБ дәлізі арқылы жүк тасымалдау бойынша еуропалық экспедиторлардың мүмкіндіктері, халықаралық көлік дәлізі жүйесіндегі Ақтау мен Құрық порттарының рөлі және басқа да тақырыптар бойынша мәселелер көтерілуде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button