Денсаулық

Астанада офтальмологтар 4000 науқасқа медициналық қызмет көрсетті



       Елордада офтальмологтар МӘМС, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 4000 науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанда МӘМС аясында ересектер мен балаларға көз бұршағының (хрусталик) туа біткен және жүре пайда болған аурулары, глаукома, шыны тәрізді дененің және торлы қабықтың аурулары, көздің қан тамырлары аурулары, көздің қосалқы қорғаныс және көздің қозғалу патологиялары, көз жасы жолдарының қабақтары және қитарлық, сондай-ақ көздің қатерсіз және қатерлі ісіктері, қант диабеті, гипертония және көздің басқа да соматикалық аурулары мен асқынулар кезінде офтальмологиялық қызметтердің толық спектрі көрсетіледі. Мәселен, 2023 жылы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында осы жүйе бойынша 4000 науқас емделсе, оның 400-ден астамы балалар болған.

Сондай науқастардың бірі Людмила Дударева Көз аурулары институтының Астана филиалына көздің торлы қабығының күрделі сырқатымен түскен. «Кезекті көп күтпедім. Отаны да тез жасады. Және МӘМС жүйесінде бәрі ақысыз болды» дейді ол.

Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтының Астана қаласындағы филиалы базасында әлемнің жетекші өндірушілерінің жоғары технологиялық жабдықтары мен алдыңғы қатарлы материалдарын пайдалана отырып, көздің алдыңғы және артқы бөлігіне  жоғары технологиялық оталар жасалады.

        «Біздің клиникада хирургияны дамытудың заманауи тармақтарының бірі – макулярлық интерфейс патологиясы кезіндегі операциялар жасалады, атап айтқанда эпиретинальды фиброз, витремакулярлық тарту синдромы және макуланың жарылуы кезіндегі операциялар» – деп түсіндіреді Қазақ Көз аурулары ҒЗИ Астана филиалының офтальмологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Константин Одинцов.

Мамандардың айтуынша, барлық операциялар 2 мм-ден аспайтын кесінділер арқылы жүргізіледі, мұндай отадан кейінгі нәтижелер жоғары және пациенттер отадан соң қысқа мерзімде оңалып, тез сауығады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button