Ел тынысы

Астанада қос ЖОО меморандумға қол қойды



Астанада Ұлттық қорғаныс университеті мен «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ арасында меморандумға қол қойылды деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Құжатқа қол қою алдында әскери оқу орнының басшысы генерал-майор Асқар Мұстабеков қонақтарды университеттің негізгі міндеттерімен және ғылыми жетістіктерімен таныстырды.

– Ұлттық қорғаныс университеті ел Қарулы күштерінің жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару буындарының мамандарына деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді, бұл білім ордасының магистратурасы – 16, ал докторантура – 6 мамандық бойынша маман даярлайды, – деді ол.

Университет басшысы оқытушылық қызметтен өзге, білім беру мекемесі әскери өнер, қару-жарақ және әскери техника, ақпараттық технологиялар, әскери оқыту және тәрбие мәселелерін зерделеумен де айналысатынын атап өтті.

Меморандумға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков пен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Асқар Хикметов қол қойды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және оны дамытуға, білім беру және ғылыми салаларда зияткерлік әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасауға ұмтылуға өзара қызығушылық танытты.

Құжатта тараптардың оқу орындарында ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруда өзара қарым-қатынас көзделген.

Әскери білім ордасының оқу және ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми кадрлардың, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамаларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Түрлі салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. Консультативтік және оқытушылық қызметке тараптардың жетекші ғалымдары, оқытушылары мен мамандары қатысатын болады.

Ақпараттық және кітапханалық ресурстармен алмасу, бірлескен оқу, ғылыми және әдістемелік басылымдарды дайындау, бірлескен конференциялар, симпозиумдар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарда бар.

Сондай-ақ, осы күні Ұлттық қорғаныс университетінде әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды. Отандық әскери білім ордасына Андрей Лукиннің басшылығымен Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің делегациясы келді.
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков парламенттегілерге жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттары және 2025 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру жөнінде айтып берді. Құжатта мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның мотивацияны қалыптастыру және әскерге шақырылғанға дейінгі жастардың әскери қызметке дайындығы жөніндегі кең ауқымды мәселелерді шешудегі өзара іс-қимылдың негізі көзделгенін де атап өтті.

Комитет төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-әрекет және жүйелі көзқарас қажеттілігіне назар аударды.
Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Виталий Адамович сенаторларды осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті. Ол еліміздегі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу процесінің қозғаушы күші қорғаныс, оқу-ағарту министрліктері, жергілікті атқарушы органдар және «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы екенін атап өтті. Құрылған сәттен бастап қозғалыс тәрбиеленушілерінің саны 73 164-тен 260 162-ге дейін өсті. Әскери-патриоттық клубтардың саны 2828-ден 8672-ге дейін артты.

Бұдан бөлек полковник В. Адамович 2024 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдығына орайластырылған «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтетінін мәлімдеді. Жиынға алғаш рет ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің – Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан, сондай-ақ Өзбекстан мен Әзербайжа…


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button