Денсаулық

Астанада қызылша жағдайы әлі де қолайсыз



Жыл басынан бері елордада қызылшаның 2278 бастапқы және 609 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 429 жағдай кездескен, деп хабарлайды astana-akshamy.

Бұл туралы бүгін Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының бас санитариялық мемлекеттік дәрігері Сархат Бейсенова баяндады.

-Мен өткен баяндамамда атап өткенімдей, ауру ересек контингентке ауыса бастады, яғни ондағы қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге немесе 37,3% – ға өсті. Бұл ретте, жүргізіліп жатқан қосымша жаппай иммундаудың арқасында желтоқсан айымен салыстырғанда бір жасқа дейінгі, бір жастағы және 2 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылықтың төмендеуін байқап отырмыз. Мәселен, 1 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 15% – ға, бір жастағы балалар 8,5% – ға және 2 жастағы балалар тиісінше 21,3% – ға төмендеді, – дейді спикер.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button