Ел тынысы

Астанада сотталғандардың конституциялық құқықтары талқыланды



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Әмбебап мерзімді шолу ұсынымдарының орындалу барысы туралы» және «ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеу-қамауға алынғандардың, сотталғандардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі және оларды пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ұстау шарттары туралы» мәселелерді талқылауға қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыс Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның басшысы Игорь Роговтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Әділет министрі Азамат Есқараев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

БҰҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл аясында Қазақстан БҰҰ-ның тиісті шарттық органдарына жүргізілген реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы мерзімді ұлттық баяндамаларды жүйелі түрде жіберіп отырады.

Бұл баяндамалар, сонымен қатар, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің, нәсілдік кедергілердің барлық нысандарын жою туралы, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы, баланың құқықтары туралы конвенцияларды, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілерді қоса алғанда, БҰҰ конвенцияларының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар бағытында қабылдайтын жоспарларын көрсетеді.

Талқылау барысында Омбудсмен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты жүргізіп жатқан реформалар, адам құқықтары саласындағы отандық құжаттар туралы айтып, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) рөліне тоқталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button