Ел тынысы

Астанада студенттер әскери ант қабылдады

Ел қорғап, ғұндар мініп саңылағын, сап құрып сақтар жорытқан сап ұранын, осынау аңыз дала да қазақтың шаңырағын қорғап өмір сүрудің өзі қандай бақыт?! Тауешкісінің өзі тауын күзетіп тұратын бұл дала да сапқа тұрып сардар атанып, тізесін темірден, бұғанасын бұтақтан қатырғандай әскер болып шығудың өзі жұмаққа кіргеннен артық мәртебе екені ақиқат. Міне сондай жүрегі отан деп соққан Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің әскери кафедрасының студенттері бүгін «Отан қорғаушы» монументінің алаңында әскери ант қабылдады.

Айбынды ант қабылдау рәсімі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 100 жылдығына орай және аталған университеттің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараға әскери бөлім басшылығының өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері және студенттердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
Ең әуелі Ту ұстаушылар ортаға шықты. Одан кейін рота командирінің арнайы бұйрығымен сапта тұрған 121 курсант әскери ант қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ант қабылдаудың алдында Мақсұт Нәрікбаев атындағы аталған университеттің әскери кафедрасының жетекшісі, отставкадағы полковник Амангелді Ибраев жас сарбаздарды сапқа тұруымен құттықтаса, оқу жиынының бастығы полковник, Серікхан Қайырханов студенттерге сәттілік тіледі.

–Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Ал бұл қадам әскери борышты өтеуден, ал оқу орындарында әскери кафедрадан бастау алады,–деді ол.

Сонымен қатар балаларының әскери ант қабылдап жатқан сәтін көруге келген ата-аналар да өз толқынысын жасырмады.

–Әскер – мемлекеттің тірегі, Отан ұлттың жүрегі. Ал сол жүректі аялап, қорғауға ұл да қыз да міндетті. Мен бүгін немеремнің әскер қатарында тұрып ант қабылдауына келіп отырмын. Оны кішкентай кезінен бастап Отан сүйгіштікке баулыдым. Енді міне сол тәрбиемнің нәтижесін көріп қуанып тұрмын,–дейді Астана қаласының тұрғыны Бекмұрат Қуанышов.

Иә, ер жігіт үшін елінің қорғаны болудан артық арман жоқ. Кафедраның саптық плацта сап түзеген білім алушылары енді 2 жыл әскери тәртіпке үйретіледі. Оларға жоғары оқу орны дипломын алар кезде әскери билет де табысталатын болады.

Шапағат ӘБДІР

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button