Ел тынысы

Астанада сурдо дзюдодан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

Астанада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында сурдо дзюдодан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Абай, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлордар, Жетісу, Қостанай облыстары) 100-ге жуық спортшы тотамиде сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша елорда құрамасы 2 алтын, 2 қола медаль иеленіп, жалпы командалық 3-орынды алды.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

Алтын медаль: Сабыржан Хапиозов (+100 кг);
Алтын медаль: Әмина Файзуллина (70 кг);
Қола медаль: Григорий Бысыкатов (60 кг);
Қола медаль: Айнұр Есмағамбетова (- 57 кг).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button