Ел тынысы

Астанада «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» байқауы қорытындыланды



Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Қанидің туған күніне орай «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгін белгілі ақын көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Мүшәйраға еліміздің әр өңірінен 40 жасқа дейінгі 30 ақын қатысты. Қазылар қорытындысы бойынша, бас жүлдені Алпысбай Хонж иеленсе, бірінші орынды Жұлдызай Ысқақ, екінші орынды Айбек Оралхан, үшінші орынды Олжас Қасым еншіледі. Сондай-ақ Аманжол Шәмкенов атындағы арнайы жүлде Біржан Ахмерге, Мұзафар Әлімбаев атындағы сыйлық Айдана Сегізбаеваға берілді. Конкурстың жалпы жүлде қоры – 1 600 000 теңге. Іс-шара барысында ақын Арман Қанидің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылып, «Таңдамалы» шығармалар жинағы таныстырылды. Кітаптар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорына табысталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button