Ел тынысы

Астанада тұрғындар үшін жаттықтырушымен бірге сабақтар өтеді

Елордада 7 маусым күні AULAFIT әлеуметтік жобасы басталады, оның аясында қала тұрғындары жаттықтырушымен тегін және тікелей өз ауласында спортпен шұғылдана алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба белсенді өмір салтын насихаттау үшін ойластырылған және оған балалар ғана емес, егде жастағы адамдар да қатыса алады.

Жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қаланың 25 орнында өткізіледі.

Яғни, таңғы сағат 9-дан бастап аға буын үшін, ұлдар мен қыздар үшін сағат 10:00-де жаттығулар өтеді. Ал кешке 17:00-ден бастап 6-10 жастағы балаларға арналған сабақтар, 18:00-де 11-15 жастағы балаларға арналған сабақтар және 19:00-де жастарға арналған жаттығулар өтеді.

Төменде біз қала бойынша жаттығулар өтетін 25 орыннң мекенжайларын ұсынамыз.

1. Тілендиев даңғылы, 38
2. С 303 көшесі, 2 үй
3. «Манхэтен» ТК, Әнет баба, 11
4. Ш.Айтматов, 36 – «Жағалау» ТК
5. Қорғалжын тасжолы, 25 – «Елорда 2020» ТК
6. Ш. Қосшығұлұлы, 20
7. Сарыарқа, 11
8. Пушкин көшесі, 15 – «Китайская стена» ТК
9. Сығанақ көшесі 14 – «Шығыс ТК»
10. Ж. Молдағалиев, 6
11. С. Сейфуллин, 9 – «Жоңғар қақпасы»
12. Степан Кубрин, 23/1 – «Еуропалық» ТК
13. Сарайшық көшесі, 34 – «Дипломат» ТК
14. Ұлы дала, 31/1 – «Алпамыс» ТК
15. Күйші Дина көшесі, 31 – «Мирас» ТК
16. Момышұлы даңғылы, 12 – «Астана Меруерт» ТК
17. Түркістан к-сі, 10 – «Көркем» ТК 2
18. Сауран к-сі, 5 – «Градкомплекс 2» ТК
19. Қошқарбаев даңғылы, 45
20. Ш.Айтматов, 60 – «Мадрид» ТК
21. Кенесары даңғылы, 64 – «Дарын» ТК
22. Қошқарбаев даңғылы, 34 – «Түркістан» ТК
23. Құдайбердіұлы көшесі, 5
24. Сауран көшесі, 3/1 – «Сармат 1» ТК
25. Б.Майлин көшесі, 31 – «Апато» ТК

Айта кетейік, әлеуметтік жоба 7 маусым күніа сағат 16:00-де Тілендиев, 38 мекенжайындағы аулада құрметті қонақтардың, қала тұрғындарының қатысуымен басталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button