UncategorizedЕл тынысы

Астанада ҰБТ тапсыру күндері кейінге шегерілді

Астанада кейбір абитуриенттер үшін алдын ала белгіленген Ұлттық бірыңғай тестілеудің уақыты кейінге ауыстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы 2, 3, 4 шілде күндері Астана қаласында Т.Жүргенов көшесі ,18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі ,37А мекенжайларында ҰБТ тапсырушыларға ескерту жасап, хабарлама таратты.

Астана қаласында 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ өткізу күнін ауыстыру туралы хабарлаймыз. Техникалық жұмыстарға байланысты ҰБТ келесі күндерге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде; 3 шілдедегісі 9 шілдеде; 4 шілдедегісі 10 шілдеде өтеді. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, –  делінген хабарламада.

Тестілеудің жаңа күні туралы ақпаратты app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті арқылы кіріп, білуге болатыны да нақтыланады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button