Ел тынысы

Астанада үздік журналистер марапатталды

ҚР Президентінің кеңесшісі, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли БАҚ саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Атап айтқанда, БАҚ қызметкерлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Құрмет» ордені, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, ҚР Президентінің Алғысы және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері берілді.

«Осыдан 5 жыл бұрын Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма беріп, Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арнайы мерекесін бекіткен еді. Содан бері БАҚ қызметкерлері күні 28 маусымға белгіленіп, өзінің лайықты орнын алды. Мемлекет басшысы үнемі БАҚ-та шыққан материалдарға назар аударып, газеттерді оқып, теледидарды көріп, сайттарға көз жүгіртіп отырады, барлығын назарда ұстайды, арнайы тапсырмалар беріп, шешу жолдарын көрсетеді. Сол себепті сіздердің қоғамдағы рөліңіз өте зор. Шын мәнінде «Төртінші билік» атына лайық екендеріңізді дәлелдеп жүрсіздер. Мемлекет басшысының реформаларын жан-жақты халыққа жеткізуде БАҚ үлкен рөл атқарып отыр», – деді Б.Уәли Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде марапаттау рәсімінде.

Оның айтуынша, биылғы мерекенің басты ерекшелігі – мемлекеттік наградалардың дені өңірлерде, нағыз ақпарат алаңында жүрген әріптестерге беріліп жатыр.

Осылайша, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы төрт адамға берілді:

• Құдайберген Тұрсын, журналистика зерттеушісі, ғалым, ардагер журналист;

• Сәді-бек Түгел, жазушы, публицист, ардагер журналист;

• Мақсат Тәжімұратов, журналистика ардагері;

• Ермахан Әбдіраман, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы.

«Құрмет» ордені:

• Абай Балажан, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы;

• Светлана Новак, Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы;

• Мұратбек Тоқтағазин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, ардагер журналист;

• Қарлығаш Смағұлова, «Қазақстан» РТРК АҚ бас режиссері;

• Ағабек Қазанбай, «Хабар агенттігі» АҚ ардагер телеоператоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

• Гүлсара Қуанышбаева, ONTUSTIK телеарнасы директорының орынбасары – бас редакторы;

• Андрей Тараков, «Хабар» және «24KZ» телеарналары Бағдарламалау және эфир тарату бөлімінің шеф-редакторы;

• Әсел Игісінова, «EL ARNA» телеарнасының режиссері;

• Ерлан Атамбай, «Қазақстан», «Ақмола» телеарналарының бұрынғы бас директоры, белгілі журналист;

• Самал Алманова, «Qazcontent» АҚ BAQ.kz ақпараттық агенттігінің аға шығарушы редакторы;

• Болат Кәкібаланов, «Хабар» телеарнасының шығарушы редакторы;

• Баян Арыстанова, «Хабар агенттігі» АҚ «EL ARNA» телеарнасының аға режиссері;

• Руслан Оспан, «Хабар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің басшысы;

• Құралай Жұмағұлова, «Хабар» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің аға режиссері;

• Ильзат Акчурин, «Almaty» телеарнасы бас директорының орынбасары;

• Светлана Пенькова, «Евразия» телеарнасының шеф-корреспонденті;

• Ербол Бекбаев, «24KZ» телеарнасының шығарушы редакторы.

«Шапағат» медалі:

• Абай Тіленшиев, Abay Live ютуб-арнасының жүргізушісі.

ҚР Президентінің Алғысы:

• Гүлжан Байтанаева, ҚР Президенті Іс басқарушысы орынбасарының көмекшісі;

• Алмас Шораев, блогер;

• Мәрмар Оразбаева, QAZAQSTAN ұлттық телеарнасы режиссерлер бөлімінің бас режиссері;

• Дәурен Ерболатов, «Халық үні» ақпараттық агенттігінің тілшісі;

• Айгерім Уммат, «Informburo.kz» желілік басылымының тілшісі;

• Абзал Досыман, «Астана қаласы коммуникация қызметі» МКК басшысы;

• Дастан Сапашев, «Astana» телеарнасы Бағдарламалар және анонстар дайындау қызметінің жетекшісі.

«Еңбек ардагері» медалі:

• Тұрсынхан Толқынбайұлы, ардагер журналист;

• Ләззат Нұрпейісова, «Егемен Қазақстан» газетінің Электрондық байланыс операторы;

• Клара Тұрсынбаева, «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС бас есепшісі.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі:

• Жәния Орашева, «Қазақстан» РТРК АҚ Диджитал департаментінің Интернет-редакция жетекшісі;

• Шырын Сүлейменова, «QAZSPORT» телеарнасының бағдарламалық қызметінің бағдарламалар директоры;

• Жасын Біркенов, «Хабар агенттігі» АҚ «24KZ» телеарнасының директоры;

• Дулат Ентебеков, «Хабар агенттігі» АҚ Өндірістік орталығы бейнемонтаждау бөлімінің монтаждау инженері;

• Гүлнәзия Зарипова, «Еуразия+ОРТ» ЖШС ақпараттық-сараптамалық және қоғамдық-саяси бағдарламалар дирекциясының тілшісі;

• Әсел Нүкішева, «Астана қ. теледидары» ЖШС бағдарлама директоры;

• Рүстем Омаров, «Qazcontent» АҚ «El.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторының орынбасары;

• Ольга Драка, «Казахстанская правда» газетінің бет қаттау операторы;

• Ерқанат Мырзахметов, Талдау және ақпарат орталығы Республикалық БАҚ мониторингі басқармасының басшысы;

• Арман Қаркенов, «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Ақпараттық-студиялық кешенінің пайдалану бөлімінің жетекші инженері.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button