Елорда тынысы

Астанада жаңа өрт сөндіру депосы ашылды



Бүгін елорда Көктал шағын ауданында  №24-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Салтанатты ашылу және  кілтті табыстау рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған жаңа екі қабатты өрт сөндіру бөлімінің жалпы аумағы екі гектарды құрайды. № 24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі радиусы  55 мыңға жуық халық саны  бар – «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын алабы.

Жаңа өрт сөндіру депосында негізгі және арнайы мақсаттағы сегіз бірлік техника бар, бұл автоцистерна, жылдам әрекет ететін автомобиль, биіктігі 32 метр автосаты.

Өрт сөндіру бөлімінің негізгі ғимаратында төрт шығуға арналған бокс, қызметтік кабинеттер, кеңес залы, оқу мұнарасы, спорт және ойын алаңы орналасқан. Сондай-ақ, депо аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.

Өрт сөндіру бөлімімен танысу барысында шақырылған қонақтар, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері бөлімнің формулярына естелік жазба қалдырды.

Бүгінгі күні Астана қаласының өрт қауіпсіздігі 16 бөлімшенің күшімен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру қызметінің қаруында 200-ден астам өрт сөндіру автотехникасы бар, күн сайын жеке құрамның 250-ге жуық адамы тәуліктік кезекшілікке түседі.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button