Құқық

Астанада жиһаз жасаймын деп елді алдаған алаяқ ұсталды



Елордалық полицияға белгісіз адамның алаяқтық әрекеттері бойынша қала тұрғындарынан бірнеше арыз келіп түсті. Азаматтар қаскүнемнің берген уәдесіне алданып, оған алдын ала ақша берген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz  

Белгілі болғаны, жәбірленушілер сайттан жиһаз жасау туралы хабарландыруды көріп, шебермен кездесуге келіседі. Мекенжайға келген ер адам жиһаз тұратын жерді кесіп-пішіп, тұрғындардың сеніміне кірген.

Клиенттерден ол толық төлемнің 50 пайызын алдын ала алған. Оның уәдесіне сенген 63 жастағы зейнеткер оған 437 мың теңге берген.

Басқа жағдайда ол 48 жастағы ер адамды алдап, одан 300 мың теңге көлемінде ақша алған. Шебер жиһазды қысқа мерзімде жасаймын деп сендіріп, телефонын өшіріп, байланысқа шықпай қойған.

Жәбірленушілер алданғанын сезіп, полицияға арызданған. Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды анықтады.

Ол 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оның 7 адамды алдағаны белгілі болды. Сондай-ақ оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button