Ел тынысы

Астанадағы кептеліс неден туындады?

Бүгін таңертең елордада ауқымды көлік кептелісі басталды. Астана әкімдігінің дерегінше, бүгінде сол жағалаудағы жолдарды орташа жөндеуге қатысты ахуал осындай, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Атап айтқанда, Сарайшық көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейін жолдың үстінгүң жабынын төсеу үшін толық жабық. Жөнде жұмыстарын 17 маусым күні сағат 6:00-де аяқтау жоспарланған.

Қабанбай батыр мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысы да жабық тұр. Бұл аралықтағы жөндеу жұмыстары бүгін кешкі сағат 23:00-ге қарай аяқталады.

Қабанбай батыр даңғылының Ұлы дала мен Хусей бен Талал көшесіне дейінгі аралығында да көлік жүре алмайды. Бұл учаскедегі де жөндеу жұмыстары бүгін кешке бітеді.

 

 

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button