Ел тынысы

Астаналық биші Германиядағы байқауда алтын медальге ие болды



«Қазақконцерт» әртісі Германияда өткен беделді хореографиялық байқаудың алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауында алтын медальмен марапатталды.  ⠀

Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды. ⠀

800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат – Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз. ⠀

«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды. ⠀


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button