Денсаулық

Астаналық дәрігерге алғыс!

 «Денсаулық – басты байлық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Сол денсаулық әлсіреген кезде адам жанының арашасы болар абзал жандарға үміт артамыз.

Биылғы жылдың маусым айында жүрек соғысының бұзылу дертімен Астана қаласындағы №2 көпбейінді аурухананың интервенттік кардиология бөлімшесінде емделдім. Адамды дерттен айықтыратын дәрігердің шеберлігі, жақсы көзқарасы мен жылы сөзі десем артық айтқандық емес. Сондай жанның бірі, бөлімше меңгерушісі, аритмолог дәрігер – Талғат Құдайбергенұлы Есенов. Жан-жақты тексеруден кейін маған «Бостон» кардиостимуляторын қоюға шешім қабылдады. Әрине, қай дәрігердің болса да жұмысы жеңіл емес екенін түсінемін. Соның ішінде кардио­логтардың еңбегі ерекше құрметке лайық жандар деп айта аламын. Адам ағзасының ең құдіреттісі – жүрек. Оған ота жасап жұмысын реттеу оңай шаруа емес. Сол қиындықты жеңіп адамға өмір сыйлап, қанша қиындықтың ортасында жүрсе де, қасыңа келіп, жағдайыңды біліп, кеңесін айтып, жылы сөзімен жаныңды емдейтін дәрігердің бірегейі Талғат Құдайбергенұлы екеніне көзім жетті. Болашақта қазақ медицина ғылымын дамытуға зор үлесін қосатын білімді де, білікті мамандардың бірі болатынына сенімдімін. Елорданы бас басылымы арқылы Талғат Құдайбергенұлына алғыс айту парызым деп білемін. Еңбегі жанып, қазақ халқының «Біздің сүйікті дәрігер» деген алғысына бөленіп, биік мәртебеге жетуіне шын жүректен тілектеспін.

Роза АБЕНОВА, зейнеткер-ұстаз, Қостанай облысы, Наурызым ауданы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button