Ел тынысы

Құтқарушылар елордалық балаларға мерекелік іс-шаралар өткізеді



Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кең ауқымды іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға елордалық құтқарушылар танымдық блиц-сауалнамалар, конкурстар өткізеді, балаларға арналған кеңестермен бөліседі, өз қызметі туралы әңгімелейді, авариялық-құтқару құралдары мен техникалары, кинологиялық қызметтің жұмысын көрсетеді. Барлық іс-шаралар балаларға арналады.

Мерекелік жиын соңы «Қауіпсіздік қаласына саяхат» атты аттракционымен аяқталады, онда балалар мен ата-аналар құтқарушыларды және өрт сөндіру техникасының көрмесін тамашалайды, өздерінің зияткерлік, көркемдік және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді және сол үшін сыйлықтармен марапатталады.

Департамент барлық тұрғындарды «Қауіпсіздік қаласына саяхат» іс-шарасына белсенді қатысуға шақырады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button