Ел тынысы

Астаналық спортшылар атқа отыру челленджін жолдады



Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қала маңындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде» атқа міну дәстүрі республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Күзде елімізде алғаш рет 100-ден аса мемлекеттің қатысуымен дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында өткен челленджге 150-ге тарта спорт саласының қызметкерлері мен қатар елімізге танымал бірқатар спортшылар да бой көрсетті. Атап айтар болсақ Василий Левит, Ақмарал Науатбек, Едіге Емберді, Темірлан Мұқатаев, Нұрбек Талбудин және Эмма Тисина сынды спортшылар.

«Атқа міну — қазақта бұрыннан келе жатқан дәстүр. Осындай шараның бір мүшесі болғанына өте қуаныштымын. Қарап отырсам, тұлпарға мінбегеніме 6 жылдай уақыт болыпты. Мен үшін уақыт пайдалы әрі қызықты өтті.

Қазіргі таңда жарты жылдан бері ресми жарысқа қатыспадым. Кішігірім жарақаттарымды емдеп, оқу-жаттығу жиындарына қатысып жүрмін. Күздегі жастар арасында өтетін Нью-Йоркте Әлем чемпионатына мен қарашада Қазақстан чемпионатында бақ сынаймын» — деді, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Едіге Емберді.

Республикамызда бірінші рет ұйымдастырылып жатқан шарада астаналықтар өзге өңірлерге де осындай челленджді жолдады.

«Біздің ұлттық мұрамыз, атқа міну мәдениеті. Бүгінде жастар арасында атқа мінуді кеңінен насихаттап, ұлттық дәстүрді дамытуға ерекше назар аударғанымыз артық емес.

Қазіргі жас ұрпаққа жылқы түлігі туралы таным-түсінігін байыту оларға насихаттау үшін Астана қаласының спорт басқармасы осы бір керемет челленджін бастап отыр. Біз Астана қаласының спортшылары мен спорт саласының қызметкерлері айтулы «Атқа міну дәстүрі» челленджін еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларына жолдаймыз» – дейді Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Айдын Тоқбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл бір реттік қана шара емес. Енді әр сайын тұрақты түрде өтетін болады.

Шара барысында қатысушылар тек қана атқа отырумен шектелмей, арқан тартыстан да сынға түсті. Нәтижесінде «Толқын» спорт кешенінің қызметкерлері өзгелерден мықты екендігін көрсетті.

Жиын соңында арнайы фуршет ұйымдастырылып, барлық жиналған жандар жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.

00:17

Красное сердце




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button