Ел тынысы

Астаналық спортшылар -пара жүзуден әлемдік жүлдегер

Елордалық спортшылар пара жүзуден әлемдік серияның жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Францияның Лимож қаласында пара жүзуден әлемдік серия жарысы өтті. Айтулы бәсекеде Астана қаласының қос пара спортшылары өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, төртінші класта өнер көрсеткен жерлесімізТұрғанбеков Али күміс жүлдегер атанды. Ал, Наметуллаев Ерсұлтан тоғызыншы класта өнер көрсетіп үздік үштікке ілініп, қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, аталмыш жарыс Астаналық спортшылардың халықаралық дәрежедегі алғашқы жарысы.

«Бұл менің халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысым. Өте қуаныштымын. Дайындығым жақсы болды. Алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды әлі талай бағындыратын боламыз»- дейді күміс жүлдегер Али Тұрғанбеков.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button