Ел тынысы

Астананы айнала полиция бекеттері қойылды



Астананың периметрі бойынша түрлі бағытта 8 стационарлық полиция бекеті қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Тәртіп сақшылары азаматтардың құжаттарын тексереді.
Астана қаласының полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу үшін қала аумағында Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар бағыттары бойынша 8 «Рубеж» стационарлық полиция бекеттері, сондай-ақ Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астраханка бағыттары бойынша бекеттер қойылған.
«Бекеттерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттары мен автомобильдерді тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Кіру және шығу бойынша шектеулер қарастырылмаған», – деді елордалық ПД өкілдері.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button