Ел тынысы

Астананың медициналық әлеуеті таныстырылды



Кеше Әбу-Дабиде «Abu-Dhabi Healthcare Global Week» атты ауқымды халықаралық көрме ресми түрде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара алаңында Қазақстанның жетекші клиникалары Астананың медициналық әлеуетін таныстыруда.

«Abu-Dhabi Healthcare Global Week» – Әбу-Даби Денсаулық сақтау департаменті Әбу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мохамед бен Заид Әл Нахаянның жоғары қамқорлығымен ұйымдастырған ең ірі үкіметтік көрме.

Іс-шарада Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған инновациялар мен ынтымақтастықты талқылау үшін саланың жетекші өкілдері жиналды.
Көрмеге Астанадан барған делегация да қатысуда.

Қаланың жетекші клиникалары елорданың медициналық әлеуетін көрсетті. Бұл Астананың медициналық туризмін дамытуға ықпал етеді.

Әбу-Дабидегі көрме 15 мамырға дейін жалғасады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button