Ел тынысы

Атырау облысында бөгет жарылды



Бүгін түнде Атырау облысындағы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында жақын тұрғызылған бөгет жарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлағандай, сағат 01.20-да ескерту сиренасы қосылып, ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталған. Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер тартылып, қауіпті жою үшін 15 техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, еліміз бойынша биыл өте қатарлі болған су тасу маусымы тек Атырау облысында ғана жалғасып жатыр. Жалғансай ауылы – Жайық жағасына жақын орналасқан ауылдардың бірі, аудан орталығынан 15 шақырым жерде. Ауыл халқының саны – 1286 адам. Су тасу қаупіне байланысты олар Махамбет ауылына алдын ала эвакуацияланған. Ал қалғандары бүгін түнде Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы білім беру орта мектебіне орналастырылды. Жалпы саны – 200-ге жуық адам.
Штаб мәліметінше, сағат 3.00-де Жалғансай ауылында жарылған бөгет бекітілген.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button