Ел тынысы

Автобустың әйнегін сындырған

Елорда тұрғынына автобус әйнегін сындырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылғы 5 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтен мүлікті бүлдіру фактісі бойынша З.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 147-1-бабының 1-бөлігі).

2024 жылғы 4 маусымда З. «Азия Парк» СО жанында №32 автобустың әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірген.

Сот отырысында З.-ның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, процеске қатысушылардың айғақтарымен, полиция инспекторының баянатымен және құқық бұзушылық орын алған жерден түсірілген бейнежазбамен расталды.

Аталған баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот кінәсін мойындауды, ауыр зардаптардың болмауын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп таныды. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен З. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Сурет: https://www.the-warsaw.com

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button