Ел тынысы

Ауған соғысында 929 қазақстандық қаза тапқан



Осыдан тура 35 жыл бұрын, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстаннан шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

110 айда 22 296 қазақстандық «жарияланбаған соғысқа» аттанды, оның ішінде 929 адам қаза тапты, 19 қазақстандық әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Бүгінгі таңда елімізде ауған соғысының 16612 ардагері тұрады. Алты қазақстандық Кеңес Одағының Батыры, біреуі –Халық қаһарманы атағын иеленді. «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз», «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен 4 мыңнан аса адам марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button