Ел тынысы

Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды



Астаналық спортшы Аида Бауыржанова Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аида Бауыржанова еден жаттығуларының финалында үшінші нәтиже көрсетті. Астаналық спортшының өнеріне төрешілер 13.066 ұпай берді.

Турнирде Эмма Малабуйо (Филиппин) жеңіске жетті (13.300). Күміс медальді қытайлық Синю Чен жеңіп алды (13.133).

Айта кетсек, бұған дейін Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орынға тұрақтап, олимпиадалық квотаны жеңіп алуға сәл қалған болатын.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button