Ел тынысы

Байқоңыр ауданы әкімдігі «Алжирге» экскурсия ұйымдастырды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай еліміздің әр аумағында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Атаулы күн қарсаңында Астана қаласының Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен осы аудандағы мектеп оқушыларының «Алжир» мемориалдық мұражай кешеніне экскурсиясы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Атаулы күн 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Тарихымызға өшпес із қалдырған бұл жылдардың көрінісін ұмытпауымыз керек.
Іс-шараның мақсаты – қанқұйлы жылдардың оқиғасын, онда жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button