Ел тынысы

Байқоңыр ауданынан «Халық қатысатын бюджет» жобасына 9 ұсыныс түсті



«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды. Қазіргі таңда Астана қаласының Байқоңыр ауданы тұрғындарынан аталған жоба аясында барлығы 9 жобалық ұсыныс келіп түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Тұрғындар тарапынан 1 наурызға дейін барлық жобалық ұсыныстар қабылданады. Әрі қарай 1 наурыз-5 сәуір аралығында келіп түскен ұсыныстар талданады. 24 сәуірге дейін тұрғындардың жобалық ұсыныстары үшін дауыс беріледі, ал 29 сәуірге дейін  дауыс беру қорытындысы шығарылады. Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғындары да ұсыныстар жібере алады.

Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша ауданды абаттандыру. Егер тұрғындардың жобалық ұсынысын дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол биыл қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылады.

Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына WWW.BAIKONYR-ASTANA.KZ жіберуге болады («Халыққа қатысатын бюджет-2024» бөлімінде).  Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), сұлбасы мен сметаны (индикативті болуы мүмкін), қазіргі фотосуреттерін, қалауы бойынша презентацияны тіркеу керек.

Осы бөлімде жобаның ережелері, типтік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады. «Астана қаласы «Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ сараптамалық кеңесінің шешімі негізінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі. Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат әкімдіктің интернет-ресурсында шығады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button