Ел тынысы

Байқоңыр ауданында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті



Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Осы атаулы күн қарсаңында Байқоңыр ауданы ауданы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге зейнеткер, Тәжік-Ауған шекарасы әскери іс-қимылдарының ардагері Марат Тұрабаев, майор Арман Оспанов, Ауған соғысының ардагері, әскери дайындық жетекшісі Нұралы Әубәкіров қатысты.

Ардагерлеріміздің әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – кейінгі ұрпаққа үлгі. Осы мақсатта Ауған соғысы ардагерлері өздерінің басынан өткен қиын-қыстау күндерден, жауынгерлік жылдарынан естеліктер айтып, әскердегі қызмет жолынан біраз әңгіме тарқатып, оқушыларды Отанды сүюге, оған адал қызмет етуге шақырып, жас өрендеріміздің патриоттық сезімдерін арттыра түсті.

Кездесу барысында белсенді оқушылар Ауған соғысына қатысқан батыр жерлестерімізге сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар балалар өз өнерлерін ортаға салып, жырдан шашу шашты.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button