Ел тынысы

Байқоңыр ауданында қоғамдық кеңістіктер жаңартылуда

Байқоңыр ауданында Бөгенбай батыр даңғылы мен Ж. Тәшенов көшелері бойындағы қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы қоғамдық кеңістік Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Аталған учаскеде шамамен 7000 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы жаңартылады. 500 метрге жуық тіреу қабырғаларын жабдықтау, 20-ға жуық қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, жасыл желектер отырғызылады.
Ж. Ташенев көшесі бойындағы қоғамдық кеңістік – Ж. Ташенов көшесі, 13-тен Республика даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл учаскеде жаяу жүргіншілер кеңістігін жабдықтау жоспарлануда, онда ауданы шамамен 3000 шаршы метр асфальт жабынды тозған тротуар жөнделеді. Тозған асфальт төсенішінің орнына жаңа кеспе тастар жабыны салынады. 15-ке жуық сыртқы жиһаздар (қоқыс жәшіктері, орындықтар) орнатылады, сондай-ақ жасыл желектер отырғызылады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button