Қоғам

Балабақша – тәрбие бағы

Елордадағы №84 «Кәусар» балабақшасының ауласында «Тәрбие бағы» – бақытты балалық шақ жасыл мекені» атты экскурсия өтті. Экскурсия барысында балаларға балабақша аумағында орналасқан әдемі гүлзарлар, ойын алаңдары, сондай-ақ «Арайлы Астана» мен «Тәрбие бағы» саябағы таныстырылды. Басты мақсат – балаларды гүлдерді күтіп баптауға үйретіп, олардың бойында әдемілік пен сұлулық сезімін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Аталған балабақшада 2023-2024 жылғы оқу жылында «Балабақшаны көгалдандыруда жүргізілетін ландшафтық зерттеулер» тақырыбында эксперименттік алаң ашылған болатын. Алаңды ашудағы мақсат – аймақтарды, ойын алаңдарын, гүлзарларды абаттандыру және сәнді безендіру.

– Ландшафтық дизайн жұмысын біздің балабақша ұжымы жүргізіп, аулада «Аяулы Астана» атты саябақ ашылды. Оған 70 қарағай егілді. Сонымен қатар «Тәрбие бағы» алаңқайына 20 түп ақ қайың және 21 түп алма ағаштары егілді. Осы ағаштар түбінде түрлі отырыс пен іс-шара өткізу барысында балалардың сол ағаштарды күтуге, олардың жылдан-жылға қалай өскенін бақылауға үйрету арқылы өз еңбегінің жемісін жеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу көзделген. Бұл жұмысқа біздің балабақшаның 300-дей баласы қатысты. Алдағы уақытта да жоба жалғасады, – дейді №84 балабақша әдіскері Гүлдана Мұратбекқызы.

Экскурсия бағдарламасы бойынша балаларға «Атам мен әжемнің тәрбие бағындағы ақ үйде дәрумен қосылған таңғы ас», «Көңілді әуендер» атты таза ауадағы сергіту іс-шарасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар алма, ақ қайың ағаштары саясында зерттеу жұмысы жүргізіліп, «Болашақ» тобы ауласындағы гүлзарларды суару, баптауға уақыт бөлінді. «Арайлы Астана» қылқанжапырақты саябақта сауықтыру шаралары өтіп, балалар мәуелі еменнің аясында отырып «Кірпінің орманға оралуы» атты ертегіні тамашалады. Одан әрі балабақшаның әсем жерлерін көріп, «Құрақ көрпе» гүлзарының жанында фотоға түсті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button