Қала мен Сала

Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

Демалыс кезінде барлық ата-ананың балаларына бос уақытын ұйымдас­тыруға мүмкіндігі жоқ. Мұндай балалар көбіне үйде өзімен-өзі қалады. Осы уақытта ересектер баланың демалыс кезінде бос уақытын қалай өткізетіні туралы ойланып, әңгімелесіп, оларға ересектер болмаған кезде туындауы мүмкін әртүрлі төтенше жағдайда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіруі керек.

Ең маңызды ереже – бала пәтерде жалғыз қалғанда, баланың алуға болмайтын барлық нәрсе қолжетімді жерде болмауы керек. Пәтерде өрттің, су тасқынының және басқа да оқиғалардың болмашы мүмкіндігін болдырмау қажет.

Үйден кетіп бара жатып, сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Сондай-ақ ұшқын шамдарын, хлопушкалар мен шамдарды, жанғыш сұйық заттарды (ацетон, бензин, алкоголь және т. б.) балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Балаларға отпен ойнау олардың өміріне қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Балаңызға өрт болған жағ­дайда өзін қалай ұстаған дұрыс екенін үйретіңіз. Өрт кезінде сіз дереу құтқару қызметіне – «101» нөміріне, «112» ұялы телефонынан қоңырау шалып, көршілеріңізді көмекке шақырып, тез эвакуациялауыңыз керек. Бала сізбен немесе жедел қызметпен (полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі) тез байланыса алатын телефон нөмірлерін көз көретін, ыңғайлы жерге жазу керек.

Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, сондай-ақ өрт немесе түтін болған жағдайда өзін қалай ұстау керегі туралы жиі айтыңыз. Өрт болған жағдайда, мүмкін болса, дереу пәтерден шығып, өрт сөндірушілерді телефон арқылы шақыра алатын көршілерге хабарласыңыз. Егер түтін баспалдақ алаңынан еніп кетсе, онда ешқандай жағдайда есікті ашуға болмайды, ересектерге қоңырау шалу керек немесе балконға шығып, өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудару керек.

Балаларды электр сымдары мен розеткалар қатты қызық­тырады. Бос электр сымдарын жасыру және розеткаларға штепсельдерді орнату жеткіліксіз. Сіз балаға олардың қауіп-қатері туралы үнемі еске салып, оны электр құрылғыларымен дұрыс жұмыс істеуге біртіндеп үйретуіңіз керек.

Балаңызбен қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі әңгімелесіп отыруға тырысыңыз. Оларға кішкентай емтихандар ұйымдастырыңыз, қателіктерді бірге талдаңыздар, тығырықтан шығудың жолын бірлесіп шешіңіздер. Оқыс оқиға орын алған жағдайда не істеу керегін балалар кішкентай кезінен біліп өссе дейміз.

 Дария БАЙЗУЛОВА,Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау лейтенанты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button