Ел тынысы

Балаларға мерекелік тарту

Астанада биыл 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Қазір межеленген жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде елорданың бес ауданында жаңадан 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды. Бұл туралы мерекемен құттықтаған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті.

«Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Әрбір бала дарынды және талантты. Әр отбасыға, әр балаға зор денсаулық, амандық және бастамаларына сәттілік тілеймін!

Балаларымыз бен олардың ата-аналарына мерекелік көңіл күй сыйлауға тырыстық. Әрбір ауданда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр, оның барысында бүгін тағы 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашып жатырмыз.

«Елорда дарындары» республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездестім. Оқушылардың жеңістері – олардың тоқтаусыз ізденісінің, сол сияқты ұстаздары мен ата-аналарының қолдауының нәтижесі. Әр баланың өмірден өз жолын табуы, таланты мен қабілетін, әлеуетін барынша аша білуі өте маңызды.

Мемлекет басшысы айтқандай, «жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау мемлекеттің басты басымдығы саналады».

Біз не істесек те, балаларымыздың игілігі үшін жасаймыз. Өйткені, Қазақстанның болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Мереке құтты болсын! Жас ұрпақтың шығар шыңдары, бағындырар белестері көп болсын!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Аулалардың ашылуы мерекеге орай салтанатты түрде аталып өтті. Барлық аула аумақтарында кішкентай тұрғындар үшін футболдан турнир өткізілді.Үздік ойыншылар мен командаларға арнайы сыйлықтар және дипломдар табысталды.

Сондай-ақ, түрлі аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық ұйымдастырылды. Шараға танымал елордалық спортшылар да қатысып, балалар мен тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Мәселен, Нұра ауданында Қыз Жібек көшесі, 32 мекенжайында тұрғындарға арналған заманауи стандарттар бойынша жабдықталған балалар алаңы бар аула ашылды, мұнда шырша ағашы отырғызылды, сол сияқты work out аумағы мен үйдің аумағы абаттандырылды.

Биыл ауданда барлығы 17 аула жаңартылады, сондай-ақ 65 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл Нұра ауданында 3 гүлзар орнатылады.

Ал Байқоңыр ауданында мереке күні алғашқы абаттандырылған аулалар тұрғындар игілігіне тапсырылды. Олар Бөгенбай батыр даңғылы, 54; Абай даңғылы, 71 және Республика даңғылы 10, 10/1 мекен-жайларындағы аула аумақтары.

Айта кетейік, Абай даңғылы, 71 мекен-жайында 13 жылдан бері абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Ағымдағы жылы осы үйдің тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқасында өз аулаларын абаттандыруға қатысуға мүмкіндік алды. Сондықтан бұл мереке – тек балалар үшін ғана емес тұрғындар үшін де аса маңызды.

Ағымдағы жылы «Байқоңыр» ауданында барлығы 44 аула аумағы, 6 қоғамдық кеңістік жаңадан абаттандырылатын болады. Бұдан бөлек, 70 аула аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданында өткен жылы ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Оның аясында барлығы 11 қоғамдық кеңістік жайластырылды.

Атап айтар болсақ:

1. «Журналистер» аллеясы;
2. Кенесары-Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысындағы гүлзар;
3. Кенесары-Бейсекбаев көшелерінің қиылысындағы гүлзар;
4. Кенесары көшесі, 73 үйінің аумағындағы гүлзар;
5. Кенесары көшесі, 77 үйінің аумағындағы гүлзар;
6. «Ақбұлақ» өзенінің жағалауы (Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) және Ж.Жабаев саябағы;
7. «Ақбұлақ» өзенінің жағалауы (Абылайхан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейін;
8. «Өндіріс» тұрғын алабындағы Үшқоңыр көшесіндегі орталық кеңістік.
9. Уәлиханов көшесі бойында жая жүргіншілер кенңістігін қайта жаңарту (А.Бараве көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін);
10. «Ақбұлақ» өзенінің жағалауы (Пушкин көшесі6 2,4,6 үйлері мен Тәуелсіздік даңғылының аралығы), (М.Ганди ескерткішінің аумағы);
11. «Ақбұлақ» өзенінің жағалауы («Синагога» сыйыну үйі мен Беласар көпірінің аралығындағы гүлзар);

Аталған 11 кеңістік елорда тұрғындарының демалысы үшін таптырмас орындарға айналмақ.

Балаларды қорғау күні Сарыарқа ауданы өзінің кішкентай тұрғындарын ойын-сауық пен демалу үшін сүйікті орындарына айналған аулаларын жаңартуымен қуантты. «Халық қатысатын бюджет-2024» жобасы аясында Д.Бабатайұлы көшесі, 6, 8, 14, 16, 18 және Кендала көшесі, 2, Боталы көшесі, 26 мекенжайларындағы аулалар күрделі жөндеуден өтті.

Күрделі жөндеу жүргізілген аулаларда жаңа резеңке жабын жайластырылып, ойын элементтері жаңартылды, спорт алаңдары мен футбол алаңдары жабдықталды. Жобалар өз бастамаларын іске асыруға елеулі үлес қосқан тұрғындардың өтініштері негізінде іске асырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Халық қатысатын бюджет-2024» жобасы бойынша 30 ауланы абаттандыру жоспарланған.

Жөнделген аулалардың ресми ашылуынан кейін балалар өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесіп, ойындар мен байқауларға қатысып, сыйлықтар алды.

Ауданды абаттандыру жұмыстары тек аулалармен шектелмейді. Ағымдағы жылы Біржан сал, Гете, Құтпанов көшелері мен Республика даңғылын қайта жөндеу жоспарланған. Жаңа көше жиһаздары орнатылып, ескі жарық тіректерін жаңасымен алмастыра отырып, қосымша жарықтандыру жүргізіледі.

Сондай-ақ, биыл Сарыарқа ауданы аумағында Юбилейная көшесі, 22 және Жеңіс даңғылы, 34 мекенжайлары бойынша екі жаңа қоғамдық кеңістік пайда болмақ. Қазіргі заманғы жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып абаттандырылатын болады

Сонымен қатар, жаңартылған «Ақжайық» саябағының ресми ашылуы өтті. Бұл тынымбаққа осы жылы күрделі жөндеу жүргізілді. Енді бұл орын барлық тұрғындар үшін жайлы демалу аймағы және ойын алаңына айналмақ. Балаларды қорғау күніне орай концерт, көңілді аниматорлар мен балаларға сыйлықтар ұйымдастырылды.

Алматы ауданында Балаларды қорғау күніне орай жаңадан 7 аула ашылды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған аулалар мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Майлин, 8, Күйші Дина, 44/1, Абылай хан, 25, Жұмабаев, 12а және Мүсірепов, 6/1, 6/2 6/3.

Аулалардың ашылуы мен Балаларды қорғау күніне орай өскелең ұрпаққа арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар шақырылды.

Бұл аумақтарда шағын сәулет нысандарын, балалар ойын кешендерін орнату, алдыңғы бақтарды, ойын алаңдарындағы жабындарды ауыстыру, футбол және баскетбол алаңдарын жөндеу, сондай-ақ жаңа спорт алаңдары мен тұрақ аймақтарын ашу секілді ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының жайлылығы үшін орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Бұл жобаның ерекшелігі қос әткеншек, теңгергіш әткеншек, карусель және т.б. сияқты ұлттық стиль элементтері бар шағын сәулет нысандарын орнату болды. Өз кезегінде бұл қала инфрақұрылымын дамытудағы бірегей қадам болды және Алматы ауданының тұрғындарына арналған демалыс үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Аула аумақтарын абаттандырумен қатар, 3 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы да жүргізіліп жатыр:

1. Тәуелсіздік даңғылының жаяу жүргіншілер бөлігін дамыту (Ақбұлақ өзенінің жағалауынан Б.Момышұлы даңғылына дейін) – жаяу жүргіншілер бөлігін жайластыру, даңғылды көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліпі жатыр. Тәуелсіздік даңғылы бойында мүгедектер арбасына таңылғандар үшін кедергісіз орта құрылады. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау үшін көлеңкелі шатырлар жасау да назарға алынған.

2. Т.Жүргенов көшесін абаттандыру (Айнакөл көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін) – жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймақтарын жайластыра отырып, жаяу жүргіншілер бөлігін жөндеп, абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 6 мыңнан астам ағаш және 44 мың бұта отырғызу жоспарланып отыр.

3. Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру (Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін) – қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар аумақты жарықтандыру мен көгалдандыруды қамтиды.

Астанада Алматы ауданының аумағында биыл 50 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тағы 100 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысын жүргізу жоспарда бар.

Есіл ауданының «Пригородный» тұрғын алабындағы Қабанбай батыр даңғылы 105 және Қабанбай батыр даңғылы 105 «А» мекенжайларында абаттандырылған екі аула аумағының салтанатты ашылуы өтті.

Балаларды қорғау күніне орай, кішкентай қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар шақырылды. Іс-шараға «Пригородный» тұрғындары қатысты.

Аулаларда кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, шағын архитектуралық формалар қойылды. Жерге тартан және асфальт жабыны төселді, әткеншектер, карусельдер, ең кішкентай бүлдіршіндерге – құмсалғыштар, ал ересектерге – спорттық тренажерлер орнатылды. Аулаларда орындықтар мен қоқыс жәшіктері де қойылды.

Ағымдағы жылы тағы 7 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, биыл Есіл ауданында «Халық қатысатын Бюджет» жобасы бойынша ең көп дауыс жинаған 4 жоба іске асырылатын болады. Олар:

1. Алматы көшесі, 13 «Отандастар» ТК, «Отандастар ТК ауласын абаттандыру» жобасы;

2. Сарайшық көшесі, 5/1, «Балалар алаңы мен аула аумағын қайта құру» жобасы;

3. Қабанбай батыр даңғылы, 42, «Инфинити 2» ТК, «Бақытты балалық шақ» жобасы;

4. Қабанбай батыр даңғылы, 40, «Инфинити 1» ТК.

Аула аумақтарын ұйымдастырумен қатар, қоғамдық кеңістіктерде де жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Ботаникалық бақта вело және жүгіру жолдарын ауыстыру, ескірген төсеніштерді қайта төсеу, көпірді бояу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бүкіл Ботаникалық бақта жарықшамдар қалпына келтіріледі. Спорт алаңдары және т.б. жаңартылады.

Ағымдағы жылы Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар қаланың барлық аудандарында, оның ішінде тұрғын алаптарында да жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстардың жарты бөлігі аяқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button