Ел тынысы

Бақтияр Артаевтың құрметіне турнир өтеді



Елордада бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған жасөспірімдер арасында халықаралық спорт додасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Даңқты боксшымыз Артаевтың құрметіне арналған турнир ресми жарыстар күнтізбесіне енді. Аталмыш бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сияқты көрші мемлекеттерден 300-ге жуық былғары қолғап шебері қатысып, сынға түседі.

Бокс турнирі 2 жас деңгейі бойынша өтеді. Жалпы 14 салмақта жеңімпаздар анықталады. Жүлдеге ие болған спортшыларға қаржылай сыйақы табысталмақ. Халықаралық турнир Астана төріндегі «Билайн Арена» сарайында өтеді. Айта кету керек, Бақтияр Артаев атындағы байрақты бәсеке алғаш ұйымдастырылғалы отыр.

Еске салайық, боксшы осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни, Афина Олимпиадасында топ жарған болатын. Қазақстандық спортшылар арасынан жалғыз өзі алтынға қол созып, елдің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Азия біріншіліктерінде бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button