Uncategorized

Бас қалада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумы өтеді



Астанада Qazaq Forum VII: қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум 30 мамырда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өтеді,

Астана қаласы Форум сіз үшін несімен қызықты болады?

– Қазақтілді онлайн медиа мен әлемдегі соңғы трендтерден хабардар болу;

– Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиа сарапшы форумда бас қосады.

Қатысушылар өзара тәжірибе мен ақпарат алмасады және тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатады. Жаңа орта қалыптастырады;

– Форумда өз идеяларыңызды айтып, тәжірибеңізбен бөлісе отырып, қазақ тілінде онлайн-контенттің дамуына үлес қоса аласыз. Форумға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button