Ел тынысы

Бас қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Осы жылы маусымның 20-21-і аралығында елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Астана қаласы аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының  терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар, соның ішінде қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Осыған орай, сала мамандары азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button