Ел тынысы

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында журналистер марапатталды

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Есіл» ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай «Журналист – жарқын істер жаршысы» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан журналистерінің күніне орайластырылған іс-шараға БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер қатысты.

Іс-шарада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметін насихаттап, зейнеткерлердің белсенді өмір салтын қалыптастыру ісіне табандылықпен үлес қосып келе жатқан бірқатар журналистер марапатталды.
Орталықтың егде жастағы адамдар үшін атқарып жатқан игі істерін БАҚ-та белсенді жариялап жүрген «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі Жанболат Шәкімнің, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі Ескендір Зұлқарнайдың, «Bag.kz» ақпараттық агентігінің аға тілшісі Гүлжан Раманқұлованың, «Айқын» газетінің тілшісі Нұрлан Оразғалиевтің, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының шығармашылық ұжымының жетекшісі Аргентина Жәнібектің, «Аstana akshamy» газетінің шолушысы Аманғали Қалжановтың және «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Екатерина Тыщенконың еңбектері ерекше атап өтіп, оларға сый-сияпатқа жасалды.
Сонымен қатар мерекелік шараға Бейбітбек Әбдікаримов, Қарлығаш Нигметова мен Әйкерім Сейсенбина сынды ардагер-журналистер шақырылып, марапатталды.

Журналистер қауымына Есіл ауданының зейнеткерлерінен құралған өнер ұжымдары концерт көрсетті. «Асыл мұра» домбыра оркестрі мен «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі ән мен күйді тарту етті.

«Сіздер арқылы Астана қаласының тұрғындары егде жастағы адамдардың бас қосатын, мәдени, сауықтыру, зерігу, демалыс орны бар екені және зейнеткерлер үшін көрсетілетін тегін қызмет түрлері туралы хабардар болуда. Қазіргі таңда отандық БАҚ өкілдері аға буын өкілдерінің өнегелі істері мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруда жастарға моральдық-адамгершілік тәрбие беру ісін насихаттауда үлкен рөл атқарады» – деп журналистер жұмысының маңыздылығына тоқталды Орталық директоры Мұхтар Еркетаев.

Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қызмет алушыларға журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс тілеп, оқырмандар мен тыңдармандардың, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене берулерін тіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button