Ел тынысы

Бір күнде бес велосипед ұрлап, сатып жіберген

Астанада бір күнде бес велосипед ұрлап, сатып жіберген жасөспірімдер анықталды, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған екі баланы анықтады. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің 5 велосипед ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды.

Екеуі екі дөңгелекті көліктерді бір аймақта орналасқан тұрғын үйлердің кіреберістері мен аулаларынан еркін кіріп алып кеткен. Сөйтіп күндізгі уақытта Петров көшесіндегі үйдің ауласынан 90 мың теңге тұратын Petava  велосипедін ұрлап, ізін суытқан. Дегенмен бейнебақылау камераларының көмегімен жас құқық бұзушылардың жүрген ізі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен алдын-алу әңгімелері жүргізілді, заңды өкілдеріне тапсырылды.

Ұрланған бес велосипед табылып, тәркіленді.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға құнды мүліктерге қырағы болуды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды назарға алуды сұрайды. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен жүрген жерін бақылауды, оларды кешкі уақытта жібермеуді ұсынады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button