Ел тынысы

Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды



Астана қалалық прокуратурасы мен «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жоспар кәсіпкерлерді қорғау саласында бірлескен жұмыстарды жүргізу тәртібін және оларды жою бойынша қабылданған шараларды қамтиды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін анықтау және шешу рәсімдері қарастырылған.

Бұл іс-шаралар әрбір мүдделі органның іс-әрекетін нақтылауға және осы салаға жаңа серпін береді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында елорда прокуратурасында кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны: 8-747-216-15-58).

Сондай-ақ, осы топқа онлайн қоңыраулар шалу үшін жағдай жасау мақсатында QR кодтары жаңартылып, бүкіл қалаға таратылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button