Ел тынысы

Бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді



Астана қаласында қазір жол жөндеу және құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осыған байланысты көптеген көшелер ішінара немесе толықтай жабылуда болса, кейбір жолдар жартылай жабылған. Соған сәйкес қоғамдық көліктердің де қозғалыс бағыттарына өзгерістер енуде. Бұл туралы қаладағы автобустардың қатынасына жауап беретін CTS компаниясы ұдайы ақпараттық ресурстарында хабарлап отыр.

«Құрметті жолаушылар!

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 10, 12, 29, 29 А, 30, 32, 37, 40, 51, 46, 56, 57, 302, 303, 305, 312, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген хабарламада.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button