Ел тынысы

Жөндеу жүруіне байланысты бірнеше көше жабылды



Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қозғалыс 17 мамыры күні сағат 20:00-ден бастап 20 мамырға дейін ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да жолдың сол жағымен (Түркістан көшесінен Қошқарбаев даңғылына қарай) жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі оң жақ съезі толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жақын жерде орналасқан Ақмешіт және Түркістан көшелері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сонымен, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлағандай, қала жолдарын жөндеу бойынша 17 мамырдағы жағдай мынадай.

Толығымен жабылған көшелер:

– Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін (дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) (балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы, Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі);

Тұрғын алаптардағы көшелер:

– Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

– Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;

– Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

– Келешек көшесі – Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейін;

– Жарсуат ауылы – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;

Ішінара жабылған көшелер:

– Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);

– Сарайшық көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс Түркістан көшесінен Тайбеков көшесіне дейінгі, Тайбеков көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде – екі бағыттағы Тараптардың бірі бойынша толық қамтамасыз етілген.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button