Ел тынысы

Биыл Астанада 30 жедел саты ауыстырылады



2024 жылы елордада көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде 30 жедел сатыны ауыстыру жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
 Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
– Бұл көрсеткіш соңғы нәтиже емес. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жыл сайын ТКШ инфрақұрылымын жөндеу бойынша Жол картасын әзірлейді, тиісті қаржыландырумен 40-қа жуық жедел сатыны ауыстыру кіреді. Бұған дейін мәслихат депутаттары ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 16 бірлік жедел сатылардың жабдығын ауыстыруға Бюджеттік өтінімді мақұлдады. Қазіргі уақытта көрсетілген мекенжайлар бойынша ауыстырылды:
1. Қуанышбаев №14-3 жедел саты.
2. Б.Момышұлы 17-3 жедел саты.
3. Б. Момышұлы 19-2 жедел саты.
4. Иманова 6-1 жедел саты.
5. Керей Жәнібек хандар 9-2 жедел саты.
6. Сарыарқа 15-1 жедел саты.
7. Қарталы 18/1-2 жедел саты.
8. Кубрин 22/1-2 жедел саты.
Тағы 14 жедел сатыны жөндеуге және ауыстыруға бюджеттік өтінімдер берілді, олар жақын арада қаралатын болады, – деп жазды ол.
Елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін үйден өтініш беру қажет. Қаражат бюджеттен 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз бөлінеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button